Kyzylorda-news.kz. Премьер-министр Асқар Мамин бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келіп, оқ шығаратын зауытты іске қосты.

Шараға Премьер-министрден бөлек, Қазақстан Республикасының күштік құрылым өкілдері де қатысты.

«Қазақстан оқ зауыты» жобасын «Steel Manufacturing» ЖШС жүзеге асырады. «Бұл – жоғарғы технологиямен жабдықталған әрі халықаралық стандарттарға сай оқ шығаратын зауыт болады», – дейді жобаға жауаптылар.

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Бишімовтің айтуынша, зауыт халықаралық стандартқа сай оқтар шығарып, Қазақстанды шетелден келетін оқ дәріге тәуелділіктен құтқарады. Сондай-ақ, зауыт Қазақстанның күштік құрылымдарының бәрін толық қамтып қана қоймай, өнімін импортқа шығаруға да жол ашылмақ.

«Егер өндірісті толықтырып жіберсе, НАТО стандарттарына сай өнім шығаруға болады. Бұл өнімді сатудың географиясын кеңейтеді. Қосымша жұмыс орындарын ашуға септігі тиеді», – дейді Қ. Бишімов.

Тағы да оқыңыз: