Kyzylorda-news.kz. ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда маусым айында 628 адам пневмониядан көз жұмғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың жарты жылы мен 2020 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша, пневмониядан көз жұмғандардың статистикасын салыстырсақ, осы алты ай ішінде қайтыс болғандардың саны аса көбейген жоқ. 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында өлім-жітімнің – 1780, ал 2020 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша – 1772 жағдайы тіркелді. Ал осы жылдың маусым айында пневмониядан қайтыс болғандардың саны 628-ге жетті. Пневмониямен ауыру жағдайына келсек, биылғы алты айда 55 проценттік өсім байқалады. Ал маусымда бұл көрсеткіш тіпті төрт есе өскен», – деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері қазір бұл жағдайға қатысты Денсаулық сақтау министрлігі зерттеу жұмыстарын жүргізе бастағанын айтып өтті.

Тағы да оқыңыз: