Kyzylorda-news.kz. Өскеменнің «АЗИЯ АВТО» зауыты танымал модельге жаңа баға белгіледі. Тұңғыш рет Қазақстанның автонарығында жаңа автомобильдің бағасы төмендетілді. 

Жаңажылдан бастап бес сатылы механикалық беріліс қорабы бар Classic алғашқы жинақтаудағы LADA Granta бүкіл Қазақстан бойынша автосалондарда 2 700 000 теңге бағамен қолжетімді, ол туралы «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның «КазАвтоПром» автомобиль саласының кәсіпорындары одағының деректері бойынша отандық нарықта Granta жергілікті өндірістегі автомобильдердің арасында ең танымал модель болды, 2019 жылы сату 5 000 бірліктен асты. 

Бағаларды жаңартқанға дейін базалық жинақтаудағы LADA Granta 3 240 000 теңге бағасымен де жаңа автомобильдер нарығындағы ең қолжетімді модель болған. Жаңа баға танымал модельді анағұрлым қолжетімді етеді. «АЗИЯ АВТО» жоспарларында Грантаны «халықтық» автомобиль ету және LADA-ның нарықтық позицияларын нығайту болуы ықтимал. 

Өткен жылы модель Еуропада позицияны күшейткенін еске саламыз.      

2019 жылғы қаңтардан бастап қарашаны қоса алғанда Еуропа нарығында (Ресейді қоса алғанда), LADA Granta-ны 124 193 сатып алушы таңдаған, сонымен модель Еуропадағы ең сатылымдылардың бірі болған. Бұл деректерді focus2move аналитикалық агенттігі келтірген.  

2,7 млн. жаңа бағаның Грантаны тек жаңа автомобильдер арасында ғана емес, екінші нарықта да анағұрлым танымал ету ықтималдығы жоғары. Екінші нарықтағы ұсыныстардың көпшілігі көптеген иелерін ауыстырған,   20 жылдан асқан автомобильдер екенін есепке ала отырып,  LADA Granta сатып алу анағұрлым тартымды болды. 

«КазАвтоПром» одағының деректері бойынша жаңа автомобильдер нарығындағы орташа баға белгісі 8,8 млн.теңге деп тіркелген, импорттық автомобильдер орташа 10,9 млн. тұрса, онда Қазақстанда өндірілген автомобильдер көзге түсерліктей, 6,6 млн.теңге арзанырақ.  Гранта Қазақстандағы Өскемен зауытында тіркелгенін есепке ала отырып, модель жеңілдікпен кредит беру бағдарламасын қолдануға кіреді және 7,5%-бен тиімді талаптармен қолжетімді.  

Одан басқа, «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» баспасөз қызметі 2020 жылы зауыт кепілдігі 3 жылға және 100 мың шақырымға дейін жүрген жолға ұлғайтылғанын хабарлады. Мұндай шешім жаңартылған LADA Granta-ның сапасы мен сенімділігі негізінде қабылданған. 

Жаңа автомобильдің құнының төмендеуі Қазақстан нарығы үшін тұңғыш жағдай. Барлығы өз клиенттерін «АЗИЯ АВТО» сияқты Жаңажылмен осылай құттықтар ма еді. 

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: