Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда науқастарды коронавирустан емдеу хаттамасына өзгерістер енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Емдеудің жаңа әрі тиімі әдістерін бүкіл әлем іздестіріп жатыр. Жалпы бұл вирусқа қарсы этиотропты емдеу әдісі жоқ екендігін білесіздер. Сол себепті біздің қазақстандық ғалымдар бүкіл халықаралық тәжірибені зерттеп, үздік әдіскерлер хаттамаларды барынша жаңартып, жақсартып жатыр. 15 шілдеде сапа бойынша бірлескен комиссия жетекші мамандармен бірлесе отырып, коронавирустан инфекциясынан емдеу хаттамасының 10-редакциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізді», – деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр айтып өткендей, ең бірінші кезекте емдеу хаттамасынан «Лопинавир» мен «Гидроксихлорохин» алынып тасталған. ДДСҰ кеңесі бойынша бұл препараттар тиімсіз деп танылған. Сол себепті комиссиялық тұрғыда вирусқа қарсы осы препараттарды алып тастау туралы шешім қабылдады.

«Бүгінгі күні Ремдесевир мен Фавипиравир КВИ-дан ауыр түрін емдеуге тиімді деген мәлімет бар. Сондықтан клиникалық зерттеу мен КВИ-дың ауыр түрі кездескен жағдайда вирусқа қарсы препарат ретінде қолдану үшін клиникалық хаттамаға енгізілді. Сонымен бірге алғаш рет емдеудің амбулаториялық кезеңдері енгізілді. Амбулаториялық деңгейде ыстық түсіретін препараттар мен перораль антикоагулянттар енгізілді», – деді ол.

Бұл препараттар емхана деңгейінде тегін берілуі керек.

Тағы да оқыңыз: