Kyzylorda-news.kz. Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясы бар науқастарды тіркеуге арналған мобильді амбулаториялық топтар құрылды. Бұл туралы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары  Махаббат Бекбосынова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Оның айтуынша, мобильді топтардың құрамына эндокринологтар, кардиологтар, пульмонологтар және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін басқа мамандар кіреді. Олар ауыр науқастарға кеңес береді.

“Қазір бүкіл ел бойынша амбулаторлық мекемелерде 465 мобильдік топ құрылды. Бұл мобильді амбулаторлық топтардың міндеттері – аурудың жеңіл түрлері бар симптомсыз науқастарды толық есепке алу”, – дейді ол. 

Адамда тыныс жолдарының инфекциясы, жұмсақ түрдегі коронавирус немесе ПТР белгілері пайда болған кезде, оның таралуын болдырмау үшін өзін-өзі оқшаулау керек екендігін айтты Бекбосынова.

Еске салсақ, 25 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 465 адам анықталды. Аурудың өсуі 2,4% құрады. Сонымен қатар, Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки..

Тағы да оқыңыз: