Қазақстанда көшелердің атын өзгертуге мораторий енгізілмек – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазақстанда көшелердің атын өзгертуге мораторий енгізілмек

11.02.2021, 18:40

346 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 1 мамырдан бастап елді мекендердегі көшелерді, аудандарды, алаңдар мен даңғылдарды қайта атауға уақытша мораторий енгізу жоспарлануда. Ұсынысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссияның отырысында мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Санақты сапалы өткізу үшін комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, жою және қайта құру туралы ұсыныстар бойынша және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау бойынша 2021 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде мораторий енгізудің орындылығы туралы мәселені қарады», – делінген арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша хабарламада.

Бірінші вице-премьер ұсынысты мақұлдап, Ұлттық статистика бюросына президент әкімшілігіне тиісті хат жолдауды тапсырды.

Елді мекендердің құрамдас бөліктері – шағын аудандар, қалалар аудандары, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер.

0

Пікір қалдыру