Kyzylorda-news.kz. Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Ақордада Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

“Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын уақытша жабатын уақыт жетті. Қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

Жалпыға қол жетімді болатын қоғамдық нысандарды санитарлық тазалауға қойылатын талаптар қатаң сақталуы қажет. Мұнда «үнемдеу», «оңтайландыру»  мәселелері болмауы керек”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының осы тапсырмасынан кейін еліміздегі барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын тоқтатты.

Тағы да оқыңыз: