Kyzylorda-news.kz. Балалар мен жасөспірімдерді семіздік дертінен қорғау мақсатында қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Депутаттардың бұл сауалына Үкімет басшысы Асқар Мамин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту жолында уақтылы ескерту, көмек көрсету – Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасының басымдыққа ие бағыттарының бірі», – деп жауап қатты Асқар Мамин депутаттардың сауалына.

Оның айтуынша, балаларды семіздік дертінен қорғау үшін 2025 жылға дейін мынадай шаралар көзделіп отыр:

– трансмайлы қышқылдардың пайдалануға тыйым салу;

– балаларға арналған трансмайлы қышқыл, тұз бен қанты мол азық-түліктің маркетингін телевидениеде және әлеуметтік желіде шектеу;

– өндірушілерді рецептурада қауіпсіз ингредиенттерді, органикалық шикізатты өндіруге ынталандыру;

– білім ұйымдарында, азық-түлік базарларында, сауда кәсіпорындарында және қоғамдық тамақтану орындарында жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөніс сатылатындай жағдай жасау;

– балабақшалар мен мектептерде үйлесімді тамақтану жүйесінің стандартын енгізу.

Тағы да оқыңыз: