Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алдағы уақытта балалар да «Ashyq» жобасы арқылы тексерістен өтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz. 

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі таңда «Ashyq» жобасының ересектердің арасында тиімділігі тексеріліп жатыр. Ересектер арасында жоба тиімділігі дәлелденсе, балалар мектепке, оқу орындарына барған кезде осы жоба арқылы тексерілмек. 

«Бүгінгі таңда балалардың арасында да аурушаңдық деңгейі өсіп отыр. Балалар да ауру таратып жатқаны белгілі. Бірақ біз «Ashyq» жобасының тиімділігін, коронавируспен күресудегі пайдасын әуелі ересек адамдардың арасында  тексеріп жатырмыз. Ересектерді тексеруді ретке келтіріп алатын болсақ, балаларға да енгіземіз. Балалар мектепке, жоғарғы оқу орнына баратын кезде оларға да «Ashyq» жобасын енгізетін боламыз», – дейді Ғиният.

Тағы да оқыңыз: