Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 1 маусымнан бастап балабақшалар қайтадан ашылады.

Бірақ кейбір талаптар сақталып, шектеулер қойылады.  

Халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елде шектеу шараларын азайту туралы қосымша шешімдер қабылданды.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап мектепке дейінгі мекемелердің, қосымша білім беру ұйымдарының (топта 15 адамнан аспайтын), ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың жұмысы қайта жанданады.

Бірқатар өндіріс пен объектілердің қайта жандана бастағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия қазақстандықтардың назарын профилактикалық шараларды – маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, байланыстарды азайту қажеттілігіне аударды.

[Айта кетейік,](http://Қазақстанда балабақшалар жұмысын бастайды) бұған дейін фитнес және SPA орталықтары 1 маусымнан бастап жұмысын бастайтындығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: