Қазақстанда 1 сәуірден бастап АЕК мөлшері өзгертілді – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда 1 сәуірден бастап АЕК мөлшері өзгертілді

08.04.2020, 16:20

1148 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш артады. Бұл туралы Алматыда өткен брифингте еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің қалалық департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов айтты.

Оның айтуынша, «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізілген. Сонымен, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап келесілер құрылды:

айлық есептік көрсеткіш  – 2778 теңге мөлшерінде (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2 651 теңге);

ең төменгі зейнетақы – 40 441 теңге (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38 636 теңге);

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 32,668 теңге (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 31 183 теңге);

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 17 641 теңге (2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 16 839 теңге);

ең төменгі жалақы – 42 500 теңге.