Kyzylorda-news.kz. 21 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа саяси партиялардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, БКБ режимінде облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары, онлайн режимінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Жиынды ашқан Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бүгінгі күннен бастап Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны басталдығы туралы айтты.

Берік Имашев 2016 жылғы 20 наурызда сайланған Мәжіліс депутаттарының конституциялық өкілеттік мерзімі 2021 жылғы наурызда аяқталатынын атап өтті.

«Сайлау заңнамасына сәйкес Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын Президент кемінде бес ай бұрын тағайындайды және ол Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 2 ай бұрын өткізіледі. Осылайша, Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқаны көрсетілген конституциялық мерзімдерге сәйкес қатаң түрде тағайындалды және кезекті болып табылады», – дейді комиссия төрағасы.

Сонымен қатар ол жоғары өкілді органды сайлау – елдегі ең маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі екенін атап өтті.

Тағы да оқыңыз: