Kyzylorda-news.kz. Сұхбаттасу кезінде тараптар туризм, экология, су ресурстарын басқару, инвестиция салаларындағы екіжақты байланыстың құқықтық базасын жетілдіру бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне баса мән берді. Шекара маңындағы ынтымақтастықты арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту және Арал проблемасына қатысты мәселелерге де ерекше назар аударылды, – делінген хабарламада

Сонымен қатар кездесуде екі елдің Сенаттары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның осыған дейін өткен отырысының хаттамасына қол қойылды.

Іс-шараға қазақстандық сенаторлар Ақмарал Әлназарова мен Әлімжан Құртаев қатысты. Олар Өзбекстанға ЕҚЫҰ ПА мен ТМД ПАА-ның байқаушылар миссиясы құрамында елдегі президент сайлауына мониторинг жүргізу үшін барған болатын.

Ташкентке президент сайлауына байқаушы ретінде барған Сенат Вице-спикері сайлау алдындағы іс-шаралар аясында Өзбекстан Олий Мажлисі заң шығару Палатасының спикері Нурдинжон Исмоиловпен және Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаевпен кездесті.

Сондай-ақ вице-спикер халықаралық байқаушылармен, атап айтқанда ЕҚЫҰ ПА-ның төрағасы Маргарет Седерфельтпен кездесті. Онда Орталық Азия елдерінде орнықты даму мақсаттарын одан әрі дәріптеу мәселесі және Ауғанстандағы ахуал сөз болды.

Тағы да оқыңыз: