Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында «Жомарт жүрек» қайырымдылық сыйлығының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.

«Жомарт жүрек» байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан ізгілікті жоба. Мақсаты – азаматтардың қайырымдылық, меценаттық және мейірбандық идеяларын және жүзеге асырған нәтижелі тәжірибелерін насихаттау.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан, қоғам жұмысына белсене атсалысқан ұйымдар мен азаматтар марапат мінберінен көрінді.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев байқаудың жеңімпаздарына арналған арнайы үлгідегі диплом мен төсбелгі,статуэтка табыстады.

Тағы да оқыңыз: