Kyzylorda-news.kz. Қазалыда эпидимеологиялық ахуал күрделі кезеңде де көп адамды жинап, той жасаушылар тиылмай отыр.

Карантин талаптарын сақтамай той жасаған Әйтеке би кентінің тұрғынына аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 30 айлық есептік көрсеткіші көлемінде, яғни 83340 теңге айыппұл салды.

Айта кетейік, Әйтеке би кентінде той жасаған азаматты аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ 20 шілде күні анықтаған болатын. Осыған байланысты аудандық полиция қызметкерлері шақыртылып, аталған дерек бойынша той иесіне хаттама толтырылды.

Тағы да оқыңыз: