Kyzylorda-news.kz. Жыл сайын 8 қарашада Қазақстанның статистика саласының мамандары кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осыған орай бүгін аудан әкімдігінде мерекелік шара өтіп, аудандық статистика басқармасының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты шараны аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, сала қызметкерлерін 100 жылдық мерекелерімен құттықтады.

«Қазалы ауданының Статистика басқармасы мемлекеттік органдарды, іскер топтарды, өңір қоғамын және Республиканы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету, статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты қадағалау және бақылау бойынша басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Бүгінде басқарма қызмектерлері өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, жұмысты жүйелі ұйымдастыру жолында аянбай еңбек етіп келеді, – деген Мұрат Нәлхожаұлы статистика саласында елеулі еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді «Алғыс хаттармен» марапаттады. Сондай-ақ, сала ардагерлері де назардан тыс қалмай, сый-құрмет көрсетілді.

Шара барысында статистика саласының ардагері Есіркеп Нұр аудан басшылығына рахметін айтып, зор алғысын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: