Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен спорт алаңы ашылды.

Тұрғындардың өмір сапасын арттыру, жастардың бос уақыттарының тиімді өткізуге арналған алаң С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің жанынан бой көтерді.

Бүгін жаңа спорт алаңына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

«Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Сол миссияны орындау мақсатында баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуда спорт алаңдарының маңызы зор. Сондықтан да алдағы уақытта спорт алаңдарын салу жұмыстарын назардан тыс қалдырмаймыз», – деді Мұхтар Оразбаев.

Тағы да оқыңыз: