Kyzylorda-news.kz.  Кәукей ауылдық округі, Ажар елді мекенінің 12 жасар тұрғыны Жанарыс Дәулетбай қой бағуға кетіп, үйіне қайта оралмаған.  

Шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлерімен бірге ауыл тұрғындары, жасөспірімнің  туған – туыстары, жедел құтқару қызметі, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, шекара қызметкерлері және автокөліктер мен  арнайы техника  жұмылдырылған болатын. 

Бүгін, шамамен сағат 11:20 шамасындааудан орталығынан 210 шақырым қашықтықта жайылымдықтан 15 шақырым жерде сайдың ішінен жасөспірімді аман-есен табылды. Жоғалған  мал да түгел. 

«Қазіргі уақытта аман табылған бала ата – анасына тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп  төніп тұрған жоқ. Полицейлер жасөспірімнің ата – анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, оқиғаның мән – жайларын анықтауда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында. 

Тағы да оқыңыз: