Kyzylorda-news.kz. Қарашеңгел ауылдық округіндегі «Жалаңтөс батыр» ЖШС-ның күріш алқабындағы дала еңбеккерлері де сайлау науқанына жауапкершілікпен қарап, өз кандидаттарына дауыс берді.

Түскі үзіліске шыққан дихандар дала төсінен жүк көлігімен бірден Жалаңтөс батыр ауылындағы №83 сайлау учаскесіне жетті. Осылайша олар өздерінің азаматтық борыштарына жауапкершілікпен қарап, өз таңдауларын жасады.

«Жалаңтөс батыр» ЖШС-ның сушысы Бағлан Жидебай туған ауылының өсіп-өркендеуіне лайықты үлесін қосатын азаматқа дауыс бергенін айтады.

Тағы да оқыңыз: