Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер бірнеше дүкенді тонаған ұрыны ұстады.

Қазалы полиция бөлімінің қызметкерлері бір түнде аудан орталығында орналасқан екі дүкенге ұрлыққа түскен аудан тұрғыны ұсталды.

«10 наурыз күні түнгі уақытта сағат 03.30 шамасында белгісіз тұлға дүкендердің есік құлпын бұзу арқылы кіріп ақша ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 310 мың теңгені құрады. Заттай дәлелдеме ретінде балта, пышақ, фонарь және ұрланған ақша алынды. Күдіктінің басқа да ұрлық қылмыстарына қатыстылығы тексеріліп жатыр», – делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынған. Барлық фактілер бойынша ҚР  Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Тағы да оқыңыз: