Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Аудан басшысы алдымен Қазалы қаласында салынып жатқан «Өрімтал» балабақшасының құрылысын көрді.

Қазіргі таңда 140 орындық балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылысшылар жаңа нысанның іргетасын қалап, кірпіштерін өру жұмыстарын жүргізуде. Мердігер мекеменің жауапты мамандары құрылыс жұмыстарына ешқандай кедергілердің жоқ екенін атап өтті.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшылары мен мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне балабақша құрылысы сапалы жүргізіліп, белгіленген кестеге сәйкес жүру қажеттігін тапсырды.

Мұхтар Әуесұлы мұнан соң Қазалы қаласындағы Ү.Түктібаев көшесінің бойынан салынып жатқан спорт алаңының құрылысын көрді.

Спорт алаңының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жақын күндері бұл нысан да пайдалануға беріліп, қала жастарына қуаныш сыйлайтын болады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев спорт алаңына да қатысты бірқатар сын-ескертпелер барып екенін айтып, мердігер мекеме тез арада ретке келтіру қажеттігін айтты.

Қазалы қаласына сапары барысында Мұхтар Әуесұлы елді мекен іргесіндегі бақшалық жерлерге де арнайы барды.

Бақшалық басында аудан басшысы Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеуге тұрғындардың бақша дақылдарын егуге барлық жағдай жасалуға қажеттігін айтты. Егер жер алып, өз-өзін бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге өтініш білдірген тұрғындар болатын болса, оларға да көмек қолын созуды тапсырды.

Қазалы қаласынан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қашақбай Пірімов атындағы ауылға барып, спорт кешенінің құрылысын көрді.

Құрылыс басында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен таныстырды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: