Kyzylorda-news.kz.  Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне қарамастан, көпшілік жиналатан той-жиындар өткізушілердің қатары азаяр емес.

Жұқпалы індеттің адам өміріне төндіретін қаупі туралы теледидардан да, баспасөз беттерінде де күн сайын көрсетіліп, жазылып та жатыр. Тіпті аудан көлемінде вирус жұқтырғандардың саны күн сайын өсіп жатқаны туралы ақпарат та біздің жерлестерімізді ойландырмауда.

Жақында мониторингтік топ мүшелері жүргізген рейд барысында карантин режимін бұзу фактісі анықталды. Атап айтар болсақ, Әйтеке би кентінде 2 тұрғын өз ауласында той жасап, көпшіліктің жиналуына себепші болған. Осыған орай Т.Бөріқұлақов пен Ә.Тыныбаев көшелерінде той жасаған тұрғындарға заңдылыққа сәйкес айыппұл салынды.

Айта кетейік, дәл осындай тексеру шаралары ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін күн сайын жалғасады.

Тағы да оқыңыз: