Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында мерзімді әскерге шақыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республиксының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV Заңының 31-бабына сәйкес он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.

Осыған орай Қазалы аудандық қорғаныс бөлімі мен аудан әкімі аппаратының жұмылдыру және аумақтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері Сарыкөл, Көларық, Арықбалық, Майдакөл, Ақжона, Алға, Өркендеу, Бірлік, Аранды, Ғ.Мұратбаев, Майлыбас ауылдық округтерінде болып, есепті кезеңдегі күзгі мерзімді әскери қызметке келуге тиісті әскерге шақырылушыларға және ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оның ішінде, мерзімді әскерге шақыруға жататын азаматтар тарапынан әскерге барудан және медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтарғандар үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік және Қылмыстық кодексімен жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтылды.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта басқа да ауылдық округтерде жалғасын таба беретін болады. «Ел тыныштығы – отбасымның тыныштығы» дегендей әрбір азамат Отан алдындағы борышын басты парызым деп сезініп, Тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуына, сыртқы жаулардан сақтануға атсалысу қажет.

Тағы да оқыңыз: