Қазалы ауданында Әлсейіт көпірі пайдалануға берілді (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қазалы ауданында Әлсейіт көпірі пайдалануға берілді (ФОТО)

26.12.2019, 18:30

545 0

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында Әлсейіт көпірінің ашылуына қатысты.

Әлсейіт учаскесінде Сырдария өзені арқылы өтетін темір-бетон көпірі 2 жолақтан тұрады. Жалпы ұзындығы 219, ал, ені 12 метр. Көпірдің екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.

Бүгінгі күнге дейін елді мекен тұрғындары үшін жол қатынасы, көпір – ең үлкен өзекті мәселенің бірі болған. Міне, сол мәселе өз шешімін тауып, Қазалы ауданының 7 және Арал ауданының 6 ауылындағы 14 мыңнан астам халықтың тілегі орындалып, Әлсейіт көпірі пайдалануға берілді.

Аймақ басшысы жаңа жыл қарсаңында халық игілігі үшін қолданысқа берілгелі отырған көпірдің ашылуына қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады.

«Дана халқымыз ежелден шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған және жолға ағаш егу ең үлкен сауапты іс екенін айтады. Сыр бойында көпір құрылысы өткен ғасырларда да болды. Қараөзек тұсында «Сауранбай көпірі», Жосалы кентінде «Қармақшы өткелі», Қызылорда қаласына қарасты Абай ауылынан жоғары «Оспан көпірі», Қазалыдағы «Нұрқожа көпірі» ел жадында қалған тарихи жәдігерлер. Бүгінде біз ата-бабамыздың көпір салу дәстүрін заманауи үлгіде жаңғыртып, дамытып келеміз. Соның бір дәлелі ретінде Сырдарияның қос жағалауын байланыстырып, жаңа қаланың құрылысына жол ашқан зәулім көпірді айтуға болады. Міне, енді халық көптен күткен Әлсейіт өткеліндегі көпірдің игілігін де көретін боламыз. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл ырыс-несібе, береке-байлық әкелсін! Жақсылықтарымен, жағымды жаңалықтарымен келсін!», – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

0

Пікір қалдыру