Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының дамуына үлес қосып, сан түрлі салада тұрақты қызмет еткен еңбек ардагерлері қырыққа жуық ел билеген хан-сұлтандар жерленген, тарихи жәдігерлер көптеп сақталған Түркістан қаласына саяхаттауды жалғастыруда.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан бастамаға ел ағалары дән риза. Қазақ руханиятының астанасына айналған киелі мекенге көш тартқан қарияларымыздың төртінші тобы аспан астындағы мұражайға татитын тарихи қаланың қасиетті орындарын аралап, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып тәу етіп қайтты.

Сондай-ақ олар облыс атанғалы дамудың даңғыл жолына түсіп, көркіне көз тоймайтын әсем шаһарға айналған Түркістан қаласындағы танымал орталық «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінде аралады.

Тағы да оқыңыз: