Kyzylorda-news.kz. Заманауи талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «Баспасөз орталығында» алғаш рет аудан әкімі Мұрат Ергешбаев журналистерге арнап брифинг өткізді. Оған республикалық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифингте аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жыл ішінде атқарылуы тиіс істерді тілге тиек етті.

Аудан басшысы Мұрат Нәлқожаұлы Қазалыда әсіресе, құрылыс, жол жөндеу, газдандыру бағытындағы ауқымды жұмыстар бар екенін ерекше айтты.

Биыл аудандық маңызы бар 50 шақырым жол мен елді мекенішілік 30 көшені жөндеуге 3,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда аудан орталығындағы 2 көше, Ақтан батыр ауылында 1 көше, Қ.Пірімов ауылында 1 көшені асфальттау жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Әйтеке би кентіндегі Әбілқайыр хан және С.Мұқанов көшелері қайта жаңғыртылып, Қарасақал Ерімбет бұрылысы, М.Мәметова, Р.Бағланова көшелері, Қазалы қаласындағы 10 көшені асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Ауданды газдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда Әйтеке би кенті мен Ғ.Мұратбаев ауылы көгілдір отынға қосылды. Енді аудан орталығына жақын елді мекендер – Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдарын газдандыру үшін қаржы бөлініп, жобасы әзірленуде.

Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды

.

Тағы да оқыңыз: