Kyzylorda-news.kz. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс атқарды.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының артуына септігін тигізетін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шаралары өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында барлығы 1171 жол қозғалысы ережесін бұзудың деректері анықталды. Оның ішінде заңсыз қайта жабдықтаудың – 37, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 92, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесудің – 90, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 202, маневр жасау ережесін бұзудың –52 , жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 65, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың –10, қарама қарсы бағытқа шығу – 2 дерегі, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлікті басқаруы-10 және басқару құқығынан айырылған адамның көлікті басқаруы бойынша -7 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында 174 автокөлік айып тұрағына қойылса, 181 автокөліктің мемлекеттік белгісі шешілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Тағы да оқыңыз: