Қатерлі ісікті емдеудің оңтайлы тәсілі анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қатерлі ісікті емдеудің оңтайлы тәсілі анықталды

25.01.2020, 12:00

682 0

Kyzylorda-news.kz. Ұлыбританияның Кардифф университетінің ғалымдары иммундық жасушалардың құрамында кездесетін жаңа рецепторлардың түрін тапты. Оларды өз кезегінде қатерлі ісікті емдеудің күшті құралы ретінде пайдалануға болады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар Т-жасушаларының ішінде болатын Т-рецепторларын анықтау үшін CRISPR-Cas9 жүйесін қолданыпты. Бұл рецепторлар ағзаға қорғаныш қызметін атқаратын HLA лейкоцитарлы антигені секілді ықпал ететін көрінеді. Антигенмен салыстырғанда аталған рецепторлар обыр жасушаларын анықтау қабілетіне ие, дегенмен саны мен таралуы жөнінен HLA-ден қалып қояды. 

Тәжірибе барысында Т-рецепторлары өкпе, тері, тоқ ішек, сүт безі, қуықасты безі, сүйек және ерлердің жыныс бездерінің ракқа шалдыққан жасушаларының көзін қарқынды түрде жоя алатындығы айқындалыпты. Кеміргіштерге жүргізілген зерттеу Т-рецепторлары қолданылған терапия олардың обыр дертінен кейін әлдеқайда ұзақ өмір сүргендігін аңғартты.  

Мамандар адамдар арасындағы қатерлі ісікті айтылған тәсілмен емдеу осы жылы қолға алынады деп үміттеніп отыр. Сөздерінше, бұл терапия рактың қандай түрлеріне қарсы оң әсер ете алатындығын толықтай зерттеу керек.