Kyzylorda-news.kz. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де маска тағып жүрулері қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгін таңертең телеарналарымыздан жаңалықтар көрдім. Журналистеріміз сұхбат алып жүр. Ешқайсысы бетперде тағып жүрген жоқ. Дәмханаға, мейрамханаға кіріп сұхбат алады, маскасыз. Егер журналистеріміз бетперде тақпаса, онда қарапайым азаматтарымыз жайында не айтуға болады. Сондықтан барынша байыппен қарайық. Бұл – өте қауіпті ауру, індет. Бұл – жер шарының барлық түкпіріне жеткен ауру. Әлемнің 160-тан астам еліне коронавирус ауруы таралған. Соңғы онжылдықты жер бетінде мұндай болған емес», – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы мұндай сөздерін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялаған видеода айтқан.

Тағы да оқыңыз: