Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың халық алдындағы есеп беру жиыны Т. Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдық округтері бойынша жалғасты.

Аудан әкімі өз баяндамадасында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Дауылкөл, ІІІ Интернационал, Иіркөл, Қармақшы, Алдашбай ахун, Ақжар және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі мемлекеттік мекемелер 10 – 20 Мб/сек жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілді.

Жыл басынан бері Жосалы мен Төретам кентінде және Ақай, Қармақшы, ІІІ Интернационал, Дауылкөл, Иіркөл, Т. Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун ұялы байланыс операторларының 3G жылдамдықтағы интернет желісі қолжетімді болды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын, «Халық саны 250 асатын елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында Ақжар, Ақтөбе, Жаңажол және Жосалы ауылдық округі тұрғындарын Activ және Tele 2 ұялы байланыс операторлары тарапынан 3G жылдамдықтағы интернет желісімен қамту жоспарланған. Сонымен бірге тамыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ы тарапынан Ақай ауылдық округіндегі 100 үйге «АЛТЕЛ 4G» модемі орнатылып, пайдалануға берілді,-деді аудан басшысы.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алып, мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын жалғастырылатынын атап өтті аудан әкімі есебінде.

Әкім есебінен кейін ауыл тұрғындары ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатындығын айтып, оң бағасын берді. Аудан әкімі Мұса Оспанұлы ауылдық округінің тұрғындары алдында жыл ішінде атқарған және алдағы жоспары туралы айтып, көпшілік тарапынан түскен сауалдарға толымды жауап қайтарды.

Тағы да оқыңыз: