Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б. Жаханов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С. Нұрымбетов жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды.

Жұмыс барысында Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің төмен болуына байланысты Қармақшы ауданын суармалы сумен қамтамасыз ететін «Сол жаға» магистральды каналының 420-бекетінде болды. Облыстық су шаруашылығы мекемесіне каналдағы судың жоспарлы көлемде берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Одан әрі Құрайлы каналы бойынан су алатын «Тұрмағамбет» ЖШС-ның егістіктерінде болып, егістің судан қалу қаупі бар жерлерімен танысып, суды тиімді әрі ысырапсыз пайдаланумен қатар қашыртқы суға насос қондырғыларын орнату жұмыстарына баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, аудан әкімі мен су шаруашылығы мекемесіне қашыртқы суын қайта пайдалану мақсатында Батыс-Қармақшы қашыртқысын Қурайлы каналына қосу жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыс көлемін анықтап, тез арада дайындауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: