Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының бұйрығымен бекітілген жеке қабылдау кестесіне сәйкес Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Мұстафаев Қармақшы ауданының тұрғындарымен кездесті.

Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары Қайсар Мұстафаевтың қатысуымен Қармақшы ауданы бойынша әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы барысы жөніндегі аудандық штаб отырысы ұйымдастырылды.

Отырыс барысында Қайсар Мақсатұлы аудан тұрғындары мен барлық әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайын болуы аймақ басшысының тікелей бақылауында тұрғанын жеткізді. Одан бөлек, аудан көлемінде қатты отын тасымалдаушы кәсіпкерлермен кездесіп, жылу беру маусымы кезінде отын қорын жеткізу мәселесін пысықтады.

Жосалы кент орталығындағы аудандық аурухана, емхана және №30 мектептің бу қазандықтарын табиғи газге ауыстыру құрылысы жұмыстарының барысымен танысты.

Тағы да оқыңыз: