Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Amanat» партиясы Қармақшы аудандық филиалына қарасты «Интернационал» бастауыш партия ұйымының актив отырысы өтті.

«Интернационал» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлыбек Сайымов төрағалық еткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Жиында бастауыш партия ұйымының төрағасы биылғы Жолдаудағы негізгі басымдықтарға кеңінен тоқталып, мән-маңызын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, Жолдаудағы бес бағдарды қолдау бағыты бойынша баяндамалар тыңдалып, оны іске асырудың негізгі бағыттары талқыланды.

Жалпы әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдау партияға айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл тұрғыда бастауыш партия ұйымы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды, сонымен бірге ұсыныстарына ұйытқы бола отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады.

Жиын соңында бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлыбек Ізбасарұлы Жолдаудағы жаңа бағдарламаларды толықтай қолдап, жиынға қатысушыларды белсенді жұмыс жасауға шақырды.

Тағы да оқыңыз: