Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында жабайы шошқаны заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды.

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК инспекторлары табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қармақшы ауданы 3-ші Интернал ауылының егіс алқабындағы далалық жерінде күдікті екі автокөлік тоқтатылды.
Тексеру барысында автокөлігінің жүк салғыштың ішінде 1 дана жабайы шошқа тұшасы, 16 калибрлі құжатсыз 4 дана аңшы мылтықтары табылды”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінен жедел топ шақыртылып тергеу әрекеттері басталған. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 337 бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз: