Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жосалы кенті орталғындағы орналасқан орта мектептердің спорттық алаңдарда СОVID-19 инфекциясының алдын алу мен қайталап залалсыздандыру мақсатында санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар басталды.

Сонымен бірге Жосалы кентіндегі Қалмұратов көшесі, Айекенов көшесі, Әбдікешов көшесі, Сегізов көшесі, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аллеясында орналасқан спорттық ойын алаңдарында санитарлық – дезинфекциялық жұмыстары жүргізілуде.    

Бүгінгі күннен бастап Қызылорда облысы бойынша кезең-кезеңімен іске қосылатын салалардың және ұйымдардың тізіміне толықтырулар енгізілді.

Аталған нысандар санитарлық-дизенфекциялық шараларды сақтай отырып және шектеулі уақытта қызмет көрсетеді.

Тағы да оқыңыз: