Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд теңге қаржы бөлініп, 40 жоба іске асырылды. Қазаргі таңда 804 адам жұмыспен қамтылды.

«Бағдарлама шеңберінде ауданымызда 9 әлеуметтік нысан, елді мекендердің 6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары, 4 көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сонымен қатар, 14 көшеге жарықтандыру жұмыстары, 3 нысанға абаттандыру, 2 тренажерлық және стритболдық аланының құрылысын салу жұмыстары толығымен атқарылды. Бұл бағдарлама аясында бөлінген қаржылар өлкеміздің инженерлік-көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданымызда тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық деңгейі төмендеп, ауданымыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарды», – деді Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков.

Бұдан бөлек, былтыр аудан бойынша 70 өндірістік шағын жоба іске асырылды. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласында – 22, құрылыс материалдарын өңдеуде – 12, тамақ өнеркәсібінде – 31, басқа салалар бойынша – 5 цех ашылды.

Айта кетейік, биыл бұған дейін басталған «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасының құрылысы да аяқталуға жақын. Аталған фабрика іске қосылған жағдайда 60 адам жұмыспен қамтылады.

Бұған қоса, «Тұрғантамы» шаруа қожалығының «Балық өңдеу шағын зауытын ашу» жобасын жүзеге асырылмақ.

Тағы да оқыңыз: