Kyzylorda-news.kz. Қармақшы аудандық ардагерлер үйінің мәжіліс залында Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Бауыржан Үсенбаев, аудандық кеңес мүшелері және тақырыптар бойынша әр саланың жауапты өкілдері қатысты.

Отырыста пандемия кезіндегі атқарылған шаралар мен дер кезінде көрсетілген медициналық көмектер, заң және тәртіп бұзушылықтар, тауарлар мен дәрі-дәрмектерге баға нарығын қадағалау секілді өзекті мәселелер талқыға салынды.

Кеңестің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігірінің орынбасары А.Жаналиев хабарлама жасап, Пандемия уақытында, дер кезінде көрсетілген көмектермен атқарылған шаралар және алдағы уақытта төтенше жағдай орын алған жағдайда дайындық жұмыстары бойынша жұмыстарды баяндады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Б.Ақтаев хабарлама жасады. Үшінші мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Б.Құндақбаев хабарлама жасады.

Баяндамашылар аудан бойынша пандемия кезіндегі халықтың ахуалдық жай-күйі туралы талдау жасап, атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды, сонымен қатар кеңес отырысында кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берілді.

Айта кету керек, Қармақшы ауданы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі жасақталған. Кеңес құрамына жергілікті мекеме басшылары, арадегерлер кеңесінің мүшелері тартылған.

Жиынды қорытындылаған Қызылорда облыстық «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Бауыржан Серікұлы айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Тағы да оқыңыз: