Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барған Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты кәсіпкерлермен кездесу, ауданымызда жаңа жобаларды жүзеге асырылуына қолдау көрсету, кәсіпкерлік саласын қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру болып табылады.

Алғашқы нысан Ақжар ауылдық округіндегі өсімдік майын сығу цехын ашу жобасымен танысудан басталды.

Мұнан кейін жұмыс сапары барысында Ақтөбе ауылдық окургіндегі күріш өңдеу цехын ашу жобасымен, Жаңажол ауылдық округінде жеңіл металлоконструкциялар, шуруп, шеге шығару цехының, Төребай би ауылында биогумус шығару, Жосалы кенті мен Ақай ауылдық округінде газоблок шығару цехтарымен, Төретам кентінде «Мир-2001»ЖШС-нің бетон бұйымдарын шығару шағын зауытының жұмыстарын көріп, кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесуде кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп және несие беру ұйымының өкілінің қызметі таныстырылып, жұмыс барысында бірлесіп жұмыстар жүргізуге кеңестер берілді. Өз тарапынан кәсіпкерлер жауапты басшыларға толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Тағы да оқыңыз: