Қармақшыда екі жүк көлігі соқтығысып, 1 адам қайтыс болды – Kyzylorda News
Басты бет

Қармақшыда екі жүк көлігі соқтығысып, 1 адам қайтыс болды

05.05.2020, 10:00

648 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының бойында екі жүк көлігі соғысты. Апаттың салдарынан бір адам қаза болған.

Көлік апаты Қармақшы ауданына қарасты IIІ Интернационал ауылының тұсында жергілікті уақытпен сағат 15.00-де болды. Жол бойында «Volvo» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.

«Соның салдарынан «Volvo» қарама-қарсы бағытта келе жатқан «КаМАЗ» жүк көлігін соққан. Нәтижесінде «КаМАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу жағдайы болғандығы көрсетілген. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметі.