Kyzylorda-news.kz. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты мереке ауданымыздың орталық алаңында өтті.

Аудан әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мерекелік шарада бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды. Мерекенің шырайын келтірген ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты.

Шара барысында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов құттықтау сөз алып, бүлдіршіндерге ыстық лебізін білдірді.

Бүгінгі мереке қарсаңында «Дәметкен Ана» демеушілігімен 1 балалар ойын алаңы ашылып, биылғы «Балалар жылы» қарсаңында да Жосалы кенті бойынша Тәуелсіздік ықшам ауданында және Тайшық би көшесінде орналасқан бұрынғы «Марал баба» мешіті орынына балалар ойын алаңдары салынатынын, одан бөлек облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бюджеттен тыс көздерден 5 балалар ойын алаңын салу жоспарлануда екенін жеткізді.

Сонымен қатар аудандық кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына 50 дана велосипед табысталып, 1000-нан аса балаларға құйылмалы балмұздақтар мен балалар игілігі үшін, ойын-сауық (батут) құралдары тегін қызмет көрсетті.

Тағы да оқыңыз: