Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданы бойынша Жол картасы аясында Қуаңдария ауылдық округінде 100 орындық клуб үйі салынуда.

Құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында партиялық бақылау бекеті құрылған болатын.

«Қуаңдария» БПҰ төрағасы А.Аймырзаев бақылау бекетінің жұмысымен танысты. Құрылыс қарқынды түрде жүруде. Ауыл әкімі әрі «AMANAT» партиясы бастауыш партия ұйымының төрағасы мердігер мекеме «АХАТ ГС» ЖШС-і өкіліне құрылыс барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, бастысы нысан жұмысын көзделген мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.
Сонымен қатар, партиялық бақылау бекетінің жетекшілері И.Қабатова мен аудандық мәслихат депутаты С.Жумадьяров Жол картасы аясында салынып жатқан Ақай ауылдық округіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешені мен Төретам кентіндегі №85 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын аралады.
Зерделеу барысында жұмысшы топ мүшелері №85 мектепте анықталған кемшіліктерді мердігер мекеме өкіліне тез арада қалпына келтіруді тапсырды.
Партиялық бақылау бекеті құрылыс толық аяқталғанға дейін өз жұмысын жалғастыра береді.

Тағы да оқыңыз: