Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі күнге дейін аудан бойынша дезинфекция жұмыстары 218 көшеге, 20 аялдамаға, 1 теміржол вокзалына, 2 сауда үйіне, 84 эпидемиологиялық маңызды нысандарға жасалған.

Осы кезеңге дейін барлық жасалған дезинфекция жұмыстарының көлемі – 1 204 448 шаршы метрді құрайды.

Аудан көлемінде әлеуметтік төлемдер жүргізілетін кент, ауылдық округтерінде «Қазпошта» АҚ-ның 16 бөлімшесі және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның аудан орталығында 4, Төретам кентінде 1, Ақай ауылдық округінде 1 банкомат тәулік бойы жұмыс жасауда.

Аталған орындарда азаматтардың шоғырлануын болдырмау мақсатында банкоматтар мен пошта бөлімшелері ғимараттарында арақашықтығы 2 метр сақталатын арнайы белгілер сызылып, тиісті шаралар қабылдануда.

Тағы да оқыңыз: