Kyzylorda-news.kz. Қазіргі кезде мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аудару, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасау, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.

Осыған орай, Қармақшы аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов сондай-ақ қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және бірқатар зиялы қауым өкілдері қарттар күніне орай әлеуметтік көмек көрсету аумақтық орталығында тіркеуде тұрған жалғызбасты қарттар мен ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан абыз аналарымыздың үйіне арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне жұмсап, ұрпақтарымызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетіп отырған қазыналы қарттарымызға ізгі ілтипатпен ақжарма тілектер айтылып, сый-сыяпаттар табысталды.

Көрсетілген сый-құрметке ардагерлер шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Аудан қариялары «Бізге құрмет көрсетіп жатқандарыңызға рахмет. Үлкенге ізет,қарияға қамқорлық көрсету қазақтың санасына сіңген терең қасиет. Елге жасаған еңселі қызметтеріңізге сәттілік тілейміз» деп ақ тілектерін білдірді.

Тағы да оқыңыз: