Қармақшы ауданының әкімі кәсіпкерлерге ескерту жасады (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қармақшы ауданының әкімі кәсіпкерлерге ескерту жасады (ФОТО)

19.03.2020, 16:20

790 0

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын және дәрі-дәрмектің жеткілікті болуын қадағалау мақсатында Жосалы кентіндегі сауда нысандарын, дәріханаларды аралады.

Аудан әкімі күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты болуын бақылап, кейбір кәсіпкерлерге сауда орындардың тазалығына қатысты қатаң ескертулер жасады.

Базар басшылығы мен тиісті сала жетекшілеріне азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ, Жосалы кентінің орталығында орналасқан жұқпалы ауруларды қабылдау бөлімі мен емханада болып, медицина мамандарына жағдайдың тұрақты бақылауда болуы керектігін ескертті.

«Алдағы уақытта да күнделікті қажетті азық-түлік тауарлары бағасының тұрақты болуы және дәрі-дәрмектің тұрғындарға жеткілікті болуы тікелей аудан әкімінің бақылауында болады», – деп мәлімдеді біздің ақпарат агенттігіне Қармақшы ауданы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Айбол Қозыбақов.

0

Пікір қалдыру