Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентінің кіреберісінде орналасқан «Мәңгілік Ел» монумент кешені мен «Қазақ елі» композициялық монумент кешендерін аралап, жүргізіліп жатқан қайта ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Мердігермен кездесуде атқарылатын жұмыстардың барысын көріп, құрылыс нысандарының кемшілік тұстарын айтып, оларды жоюға жұмыс жасау тапсырылды және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

«Әрдайым мердігерлердің құрылыс нысандарындағы жұмыстарын сапалы жасауға көңіл бөлу қажет. Бұл күндері халыққа көзбояушылық қажет емес. Осы ретте ауданымызда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапалы болуына «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы жанындағы  Партиялық бақылау комиссияларының да назарында болуы керек деп есептеймін.   Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызда абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды көздейтін бағдарламада жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуі маңызды.  Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатыр. Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болуы керек», – деді Мұса Қалдарбеков.

Бүгінгі күні «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызды 40 жоба жүзеге асырылуда.

Сонымен бірге ауданда 6 әлеуметтік нысандар, елді-мекендердегі 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, 4 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға, 14 көшеге жарықтандыру жұмыстары, 3 нысанға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

Жосалы кенті мен Төретам кентіне спорттық тренажерлық және стритболдық алаңдарының құрылысы, Төретам кентіндегі 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Негізгі қаржы ауданның инженерлік-көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданда тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық деңгейін төмендетіліп, әлеуметтік экономикалық жағдайы жақсарады.

Тағы да оқыңыз: