Kyzylorda-news.kz. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы наурыз-маусым аралығында коронавирус инфекциясын диагностикалау үшін 6 425 мың ПТР-зерттеуге 82,4млн теңге бөлді, 1 565 тест стационарларда және МСАК дәрігерлерінің жолдамасы бойынша 4 860 тест жүргізілді, деп хабарлады “ӘМСҚ” КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

Филиал басшысының айтуынша, ПТР-тестілеу халыққа қолжетімді болу үшін Қор филиалы зертханасы бар 3 мекемемен келісім жасады.

Қызылорда облысында бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету  ұйымдары жанындағы 125  астам мобильді бригада полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тестілеу жүргізу үшін СOVID-19 күдікті пациенттерден биологиялық материалдардың үлгілерін алады. Бұл  халыққа қызмет көрсету мәселесін уақытылы шешуге және олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бақыт Исмаханбетов халықтың қай топтарында  ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін еске салады.

«Біріншік езекте – инфекциялық стационарлар да жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тек серілуі керек. Келесі санат –   провизорлық стационардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда белгілі бір симптомдар болады және  диагноз қою керек. Содан кейін  ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен. Аталған топты тестілеу үшін Қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалар меншарт жасасты. Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларға да жасалады. Бұдан басқа, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер жатады. Қор жеткізушілердің алдында көрсетілген қызметтерге ақы төлеу бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындады. Қызметтерді төлеу медициналық ақпараттық жүйелердің көмегімен Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі», – деп түйіндеді Б.Исмаханбетов.

Тағы да оқыңыз: