Kyzylorda-news.kz. Қармақшы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен карантиндік санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, Жосалы кентіндегі «Жастар саябағына» ағаш көшеттері отырғызылды. Ағаш көшеттерін отырғызуға аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған жастар мен ерікті жастар тартылды.

Аудандық пробация қызметінің бастығы Е.Әбілдаевтың айтуынша пробация есебіндегі сотталғандар игі істерге белсене қатысады екен. Алдағы уақытта да сотталғандар тарапынан жас ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жалғасатынын және баптап күтімге алуды жоспарлап отырғандығын айтты.

«Бір тал кессең, он тал ек демекші бұл  игі бастамаға біз де өз үлесімді қоссақ деп ойлап, көшет отырғызуға келдік. Отырғызылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады.  Сондықтан да отырғызылған ағаш көшеттерін көздің қарашығындай сақтап, баптап-күту біздің міндетіміз. Ауданымыздың гүлденіп, көркеюі үшін қолымыздан келгенше көмек қолын созамыз»,- деді есептегі тұрғын.

Тағы да оқыңыз: