Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли “Facebook” желісіндегі парақшасында хабарлады.

“1 қыркүйекте, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі палатаның бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жолдайды. Жолдауда президент алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялайды”, – деп жазды Берік Уәли.

Берік Уәли атап өткендей, мұндай жолдаулар президенттің тәжірибесінде жыл сайын болады.

Тағы да оқыңыз: