Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде елдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді көтерді.

Атап айтар болсақ, Мемлекет басышысы қоғамдық құндылықтар жүйесіне, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға түбегейлі өзгеріс енгізу қажет екенін айтып, бұл мәселеге баса назар аударды. Азаматтық қоғам институттарына зор міндет жүктелетініне тоқталды. Осы орайда еліміздің дамуына бағытталған реформалардың жүзеге асуына ықпал етіп, мемлекеттің түрлі салада нақты жетістіктерге жетуіне үлес қосқан «Nur Otan» партиясының рөлі айрықша екенін атап өтті.

Президент сондай-ақ «қасіретті қаңтар» оқиғасын Тәуелсіздіктің 30 жылындағы ауыр сынақ болғанын айтты. Бұл оқыс оқиғалардың барлық себептері талданып, тиісті шаралар көрілетінін айтты. Сонымен қатар «қасіретті қаңтар» оқиғасынан сабақ алу қажет екенін нықтап айтты.

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ,

Қызылорда облыстық мәслихат депутаты

Тағы да оқыңыз: