Президент: Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді – Kyzylorda News
Басты бет

Президент: Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді

16.03.2020, 13:05

532 0

Kyzylorda-news.kz. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Бұл туралы елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты телевизия арқылы үндеу жасаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», – деді Мемлекет басшысы.